40 түрлі жеміс беретін ағаш

0
27
derevo-oboi4АҚШ-та тұратын суретшi әрi профессор Сэм Ван Акен бiр ағашта 40 түрлi жемiс өсiруге болатын әдiс ойлап тауыпты, деп жазады “Жас Алаш” газеті.
Басылымның жазуынша, бұл ағаштың кереметтiлiгi мынада: көктем уақыты келе сала, ағаштың жан-жағынан неше түрлi жемiс өсе бастайды екен. Сэм Ван Акен қыс басталмай тұрып, бiр ағашқа басқа жемiстердiң бұтақтарын жалғап байлайды да олардың бiтiсiп кетуiн күтедi. Таңғаларлығы сол, будан ағаш өрiк, шабдалы, шие сияқты қырық түрлi жемiстiң бұтақтарын қабылдай алады.
Бір айта кететін жайт, бұл жаңалықты профессор 2008 жылы алғаш рет жасаған. Жалпы, қырық түрлi жемiс өсетiн бiр ағашты баптап шығу үшiн орта есеппен 5 жыл уақыт керек екен. Қазiргi кезде профессордың 16 ағашы мұражай мен қоғамдық орындардың көркiн ашып тұр.
…..

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313