10 мың метр биіктікте тапсырылған Президенттің аманаты

0
19

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің фейсбук жазбасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатына байланысты ұшақта орын алған қызықты оқиғаны жазды. Ендеше жазбадағы оқиғаны қаз-қалпында берейік.

«Өткен жұмада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің көмекшісі Талғат деген бір алтын жігіт звондап тұр.

– Президенттің құттықтау хаты келді. Шұғыл. Бүгін әкім тапсыруы тиіс.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының 4 хаты келіпті. Ала сала хат иелеріне хабарластым. Екі адресат қалада, екі ханым қалада емес екен.

Опера әлемінің жұлдызы Майра Мұхамедқызы мен Айгүл Орынбекке хабарластым. Қабылдау сағ. 11-00-де. Қала әкімі Президенттің 8 наурызға арнайы хатын тапсырды.

Әуезов университетінің ректоры, ұлағатты ұстаз Дария Пернешқызы мен Олимпиада жеңімпазы, ұлт мақтанышы Әлия Жүсіпова Шымкентте емес екен.

Содан апта басталғалы Президенттің аманатын тапсыра алмай жүргенбіз. Кешқұрым хабарласып, құттықтау хатты тапсыруға рұқсат сұрадық:

– Қазір кешке Алматыға ұшып бара жатырмын, – деді ректор Дария Пернешқызы.

Қай ұшақ екенін біліп алдым. Дәл осы ұшақпен Алматыға бір жиналысқа Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Мәди Манатбек ұшып бара жатқан.

Мәди Манатбек  Шымкент-Алматы ұшағында 10 мың метр биіктікте бүкіл салонға хабарлап, Президенттің құттықтауы мен қала әкімінің атынан Шымкенттің символы  бір шоқ қызғалдақ гүлін табыс етті,-деп жазды Шыңғыс Мұқан өз жазбасында.

…Иа, шымкенттіктер халықты осылай таңырқатады! Тапқырлық!

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313