Өңірде дәрі бағасы тұрақталмақ

0
8

Картинки по запросу дәрі бағасы
Келер жылдан бастап фармацевтикада бірыңғай тариф енгізілмек. Яғни, дәрі-дәрмек барлық жерде бір бағада саудаланады. Ол туралы өңірдің бас фармацевты мәлім етсе, салаға қатысты өзге де  жаңалықтармен бөлісіп, брифинг өткізді. Бүгінде  аймақта 407 фармацевтикалық нысан болса, оның 302-і дәріхана. Басым бөлігі жеке иелікте болғасын,  препараттарды қаншаға сатса да өз еркі. Сондықтан болар, бір дәрі әр дәріхана да түрлі бағада сатылып келеді. Бұрыс екендігіне қарамастан арнаулы қызмет өкілдері жақ аша алмайды. Себеп — заңда қаралмаған. Ал бұл олқылыққа оң өзгеріс 2019 жылдың алғашқы күнінен бастап енгізілмек. Жаңа заңнамаға сәйкес бірыңғай баға жүйесі болады. Жыл басынан бері жамбылдық науқастар 2,5 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегін тұтынған. Белгіленген меженің 69 пайызын құрайды. Соған қарамастан, тегін дүниенің айналасындағы дау-дамай тиылар емес. Құзырлы орган зерделей келе, бұл тұста біраз шикіліктің бетін ашқан көрінеді.
Өңірде 4 бірдей өндіріс орны бар болғанымен дәріхана сөрелеріндегі заттар 100% импорттық тауар. Қалаберді Алматы, Шымкент сынды көршілес облыстардан келеді. Демек, жергілікті өндіруші нысандар дәрілік заттар шығаруға әлі де қауқарсыз, тек әзірге медициналық бұйымдарды өндірумен шектеліп отыр.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313