Ұлықбек Есдәулет жергілікті ақын-жазушылармен кездесті

0
7


Бүгін Жамбыл жеріне Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет келді. Облыстық ішкі саясат басқармасының арнайы шақыртуымен келген төраға жергілікті ақын-жазушылармен кездесті. Жүздесуде Жазушылар Одағының біздің өңірдегі филиалының төрағасы өңірдегі әдебиет әлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен таныстырды. Алдағы уақытта облыста әулиеаталық жас ақындар мен жазушылардың кеңесі ашылатындығын, сонымен бірге олардың жыр жинақтары жарық көруі бағытында жасалып жатқан шаруалар жайын айтты. Бұдан бөлек, өмірден ерте озған, әдебиет әлемінде өз қолтаңбасын қалдырып үлгірген ақындарды еске алу кештері де ұйымдастырылмақ. Бұл игі істердің барлығына қолдау көрсететін ішкі саясат басқармасы мен облыстық әкімдік. Ал Таразға келген қадірменді қонақ жазушыларға арналып жасалып жатқан тірліктерді тілге  тиек етіп, алдағы жылы өтетін Жазушылар Одағының 85 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту қажеттігіне тоқталды. Жиында пікір білдірген қаламгерлер белгілі ақын-жазушылардың қолданған дүниелеріне арналған музей ашылса деген ұсыныстарын да жеткізді. Айта кетейік, жылы жүздесулерге ұйытқы болған бұл көшпелі конференция ең бірінші отырысын Тараз топырағынан

TagsЖО

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313