ҰБТ-дан «жолы болмаған қызға» грант ұсынудың артында жарнама тұр

0
9

Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында «жолы болмаған қызға» Түркия акадмиясының грантын ұсынудың артында жарнама тұр. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің Білім беру мен ғылым саласын қадағалау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

20150612162818Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҰБТ тапсыру кезінде қыз балаша киінген ҚБТУ студенті ұсталып, кейін бұл қазақстандық қоғам арасында ғана емес, шет елдерде де үлкен әңгімеге ұласқан еді. Әлгі қыз биылғы ҰБТ-ға жіберілмеді. Ал осы оқиғаның мән-жайына қаныққан Түркиядағы Анталия Туризм академиясының ректоры әлгі жолы болмаған қызға өзінің оқу ордасынан грантын ұсынатанын БАҚ арқылы жариялаған болатын.

«Шындығында, бұл ҰБТ барысындағы мейлінше бір қызық оқиға болды, бәріміздің, Білім және ғылым министрлігінің назарын өзіне аударды. Ал енді ол қызға грант беретін мәселеге келсек, мен әрбір оқу орыны қандай да бір оқушыға грант беруге құқығы бар деп ойлаймын.  Түркия академиясының да өз құқығы бар. Екінші жағынан, неге олар бұндай қадамға барды дегенге келсек, менің ойымша, жұртшылық жаппай қызығушылық танытып жатқанда бұндай шулы оқиға арқылы жағымды жарнама жасау әркімнің назарын өзіне бұрады. Осы оқиғаның арқасында академия өз оқу орнына жарнама жасағысы келген де шығар. Біреулерде қызығушылық пайда бола бастайды. Мен бұған қалыпты құбылыс ретінде қараймын», – деді С. Нүсіпов.

«Әрине, бұлай болып жатса, біз ол қыз үшін қуаныштымыз. Кемшіліксіз адам болмайды. Ол қыз өзінің орнына жас жігіт қатысатынын білді. Ендеше, бұндай оқиғаны біздің министрлік жағымсыздықпен қабылдайды. Екінші жағынан ол қыз әлі жас, мұндай қадамға не үшін барғаны да түсініксіз. Сондықтан да, министрлік оған тек жақсылық тілейді», – деді ол.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313