Құлаған «Протон-М» зымыран тасығышының дауы қайтсе шешіледі?

0
16

Байқоңырда құлаған «Протон-М» зымыран тасығышының Қазақстан экологиясына келтiрген залалын есептеу бойынша бiрлескен құжат дайындалуда. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Сенатының жалпы отырысында Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы Талғат Мұсабаев мәлiм еттi, деп хабарлайды Қазақпарат. 

20150604111523“Протонның” құлауына байланысты Ресейдің өтемақы төлеу мәселесi жөнiнде. Дау әлi бiткен жоқ, менiңше ол ешқашан бiтпейдi де. Негiзi бұл бiздiң комитеттiң, бiздiң министрлiктiң емес, Энергетика министрлiгiнiң құзыры. Онда табиғатты қорғау комитетi бар, олар залал мөлшерiн анықтады. Бiзге түсiнiксiз өздерiнiң iздеулерi мен зерттеулерi бойынша 14 млрд. теңге деп қорытындылапты. Шынына келсек, егер залал шығынын есептеуге мүмкiндiк беретiн бiрлескен ережелер немесе құжат қабылданбаса, бұл мәселе ешқашан шешiмiн таппайды”, – дедi ол депутаттардың сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, мұндай бiрлескен құжатты қазiр екi елдiң мамандары дайындауға кiрiскен. “Қазiргi уақытта мұндай құжат РФ-пен бiрге жасалып жатыр, менiң бiлуiмше”, – деп түйдi Т. Мұсабаев.

Еске сала кетейiк, 2013 жылы 2 шiлде айында «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңыр айлағында старт кезiнде жерге құлаған болатын. Қазақстан Ресей тарапына оның залалын өтеуге 90 млн. доллар шамасында өтемақы көлемiн белгiлеген. Кейiн Роскосмос өзiнiң тәуелсiз есептеулерiн жүргiзедi деп мәлiмдедi.

Зымыран тасығышының бортында 600 тонна гептил, амил мен керосин болды.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313