Қысқы Универсиада Алматы қаласының дамуына жаңа күш береді – ҚР Президенті

0
12

- 2014, 1 17.01.14Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өткен 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық пен қаланың дамуы мәселелеріне қатысты кеңес барысында, Универсиаданы өткізу мегаполистің дамуына жаңа күш беретіндігін атап өтті.

«Универсиаданы өткізу – Алматы қаласына жасалған үлкен сыйлық. Еш жерде жоқ керемет, теңдесіз нысандар пайда болады. Олар архитектураны жақсартып қана коймай, қаланың дамуына жаңа күш болмақ», – деді Нұсұлтан Назарбаев.

Елбасы туристерге қызмет көрсететін сервисті де жақсарту қажеттігін атап өтті.

«Бүкіл қала сыпайы болуы қажет. Қонақтарды қонақ ретінде жақсы қарсы алуымыз шарт. Алматы – сыпайы және қонақжай қала. Бұның барлығы шағын бизнестің дамуына әкеледі және Алматы қаласының ғана емес, еліміздің имиджін қалыптастырады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейін 2017 жылғы қысқы Универсиадаға 30 мыңға жуық турист пен шетелдік қонақ келеді деп күтілуде.

 

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313