«ҚазМұнайГаз» барлық өңірде АИ-92 бензинін еш шектеусіз сатып жатыр

0
6

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензинін барлық өңірде еркін түрде сатып жатыр, – депхабарлайды ҚазАқпарат.
Астана, Ақтау Атырау, Аякөз, Балқаш, Қызылорда, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкентте АИ-92 маркалы бензині толығымен еркін режимде сатылып жатыр. «ҚазМұнайГаз» бөлшек сауда желісі штатты режимде жұмыс істеуде.
Жанармай қоры жеткілікті, қазақстандық зауыттардан, сондай-ақ импорттық отынның жаңа партиялары тәулік сайын келіп түсуде. Бензинді 20 литрге дейін сатып алуға болатын өңірлерде жағдай жанармайдың жеткілікті көлемінің келіп түсуіне қарай реттелуде.
«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісіне бүкіл Қазақстан бойынша 342 жанармай құю станциясы енеді және бөлшек сауда арқылы өткізуде мұнай өнімдері нарығының 15%-ын иеленеді.
 

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313