Тимур Бектұр: Газеттерге жаңалық шығаруды мүлдем тоқтату керек

0
9

bce60747fe0802b47ef81d73ac8636d0_400x400Жақында оқыған қызық мәлімет мынау болды. SMM туралы ізденіп отырғам. Сонда мынадай тұжырымға жолықтым:

“Қазіргі кезде адамдар жаңалықты іздемейді. Керісінше, жаңалықтар адамдарды іздеп тауып алады”.

Рас қой, ә? Бұрын газет арқылы жаңалық оқитынбыз. Кейін қазақру арқылы іздейтінбіз. Сосын гугл арқылы жаңалық іздейтін болдық. Ал қазір, вуаля, әлеуметтік желіде отырасың, сені жаңалықтың өзі іздеп табады. Тіпті әлеуметтік желіде отырмай-ақ қой, уаптсапта отыршы. Кемінде үш топтан бір жаңалық келеді.

Соңғы кезде баспа газеттердің неге өтпейтінін, оқылым азайғанын түсінгендей болдым. Интернеті интернет қой, енді. Бірақ, оның да ішіндегі себебі, адамдарға бұрын ақпарат керек болды, ал оны газеттен басқа алатын жер болмады. Ал қазір ақшасы ай бұрын төленген интернетте мәлімет толып тұр, екіншіден, адамдар ақпаратқа тойған. Ал өзі тоқ жүрген адамға қалтасынан ақша шығарып, өткен аптаның не айдың мұрағатын сатып алып оқыған қайдан тиімді болсын? Демек, қазіргі газеттер жаңалық шығаруды мүлдем тоқтату керек те, газетте тек қана сараптамалық мақалалар болуы керек деп ойлаймын. Ал жаңалықтарды бір сөйлеммен, бір тақырыппен-ақ беруге болады. Толық оқығысы келсе, qr код немесе битлай сияқты сілтеме тастай салсын.

Фэйсбук парақшасынан алынды

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313