Тараз құрамасы жүлделі қайтты

0
11

Картинки по запросу TARAZ-PRESS
Жамбылдық  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен  құралған команда Қызылорда қаласында өткен республикалық турнирде 2 орынды иеленді. Шара Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 14 команда қатысып,өзара бақ сынады.Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамытып қана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында достық қарым-қатынас орнату.Біздің облысымыздың намысын «JAMBYL медиа» мен «TARAZ-PRESS» командалары қорғады.Жерлестеріміз 400 мың теңге сыйақы мөлшерінің иегері атанды. Жарыстың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы әкімінің кубогын Шымкент қаласының «Ернияз-Медиа» командасы алды.Ал жүлделі 3 орын «Хабар» телеарнасының құрамасына бұйырды.Сондай-ақ жеңімпаз командаларға яғни 1 орынға 600 мың теңге, 2 орынға 400 мың теңге,ал 3 орынға 200 мың теңге ақшалай сыйақы берілді. Облысымыздың  журналистика саласының жалауын көтеріп жүрген «TARAZ-PRESS» командасы қазан айында өтетін «Хабар» телеарнасының кубогына дайындықты бастамақ.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313