Таразда жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

0
15

Картинки по запросу жұмыс жәрмеңкесі
Тараз қаласындағы білім беру мекемелерінде 300-ге жуық педагог маман тапшы. Ал, жұмыссыз жүрген жастардың дені бұл туралы біле бермейді. Осыған орай, облыс орталығында педагог мамандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңкеде барлығы 76 жұмыс беруші 400-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Оның 100-ге жуығы техникалық қызметкерлер мен әр түрлі салаға  тиесілі. Игі бастама жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге сеп болмақ,-дейді ұйымдастырушылар.
Елдос КЕҢЕСБЕКОВ – ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
/Бүгінгі жәрмеңкеге келіп,бос орындарға ниет еткен азаматтарға, оларға жолдама береміз.Ары қарай олар жұмыс берушілермен сұхбаттасуға барады.Жәрмеңкенің нәтижесімен 380 орынға азаматтарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз./
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жәрмеңке жас мамандарға жұмыс өтілінсіз-ақ қызметке орналасуға болатынын көрсетті. Тиімді мүмкіндікті пайдаланған олар тиісті мекемелерге өз түйіндемелерін қалдырды. Солардың бірі Ұлбосын Аразқұлова. Өткен жылы педагог мамандығы бойынша жоғары оқу орнын аяқтаған ол мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға ниетті. Бүгінгі іс-шарада мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде және колледждерге жұмысқа орналасуға болады. Өйткені, жұмыс беруші тарап бұл жас мамандарға беріліп отырған мүмкіндік дейді. Сонымен қатар, жәрмеңке соңында әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіптік оқыту, шағын несие алу бойынша халыққа кеңінен кеңес берілді.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313