Таразда жаңа оқу жылында 456 кезекші сынып ашылды

0
47

Бүгін, 04 қыркүйек күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімін қабылдап, өңірдегі экономикалық-әлеуметтік ахуалдың жай-күйімен танысты.

Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев ағымдағы жылдың қаңтар – тамыз айларында мемлекеттік бюджетке 33,2 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар асыра орындалғанын айтты.

«Оның ішінде республикалық бюджет 10,4 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 22,8 млрд. теңге көлемінде болып отыр. Жергілікті түсімдердің ішінде облыстық және қалалық бюджет сәйкесінше 12,0 және 10,8 млрд. теңге көлемінде тұр», – деді қала басшысы.

Сонымен қатар, есепті кезеңде жұмыссыздық деңгейі 5,6%-ды құрап, өткен жылдың деңгейінен әлдеқайда тармаққа төмендеген. Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 6 мыңнан астам адам өтініш білдірсе, оның 4,6 мыңы жұмыспен қамтылды.

«Бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтініштері негізінде қаладағы 60 мектепте 456 кезекші сыныптар ашылып, 5 474 бала қамтылды. Бүгінгі күні кезекші сыныптарда санитарлық нормаларды сақтау үшін қажетті санитарлық құралдар алынды», – деді Қарабалаев.

Облыс әкіміне ұсынылған мәліметке сәйкес, қаладағы медициналық мекемелерде дәрігерлер саны да арта түскен. Мәселен, биылғы жылы аталған саладағы ақ халатты мамандар саны 112-ге өскен. Сол сияқты, орташа медициналық қызметкерлер саны да өткен жылмен салыстырғанда 180 бірлікке өскен.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313