САРЫСУДАҒЫ ЕГІСТІК КӨЛЕМІ 7,7 %-ҒА АРТҚАН

0
9


Сарысу ауданы бойынша 19559 га егістік жер бар, оның 3588 га (18,3%) суармалы егістік алқабы аудандағы ауыл шаруашылық құрылымдарына берілген.  2018 жылдың өнімі үшін 2500 га күздік бидай егілген.Аудан бойынша биылғы жылы көктемде 2245 га арпа, 1120 га жүгері, 7755 га мақсары, 220 га көкөніс, 126 га картоп, 300 га бақша, 580 га көпжылдық шөп (таза егіс 2018 ж.) дақылдары барлығы 18559 га жерге ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1306 га-ға немесе 7,7 %-ға артып отыр.Егін орағы ауыл шаруашылық құрылымдарының өз  күшімен   атқарылуда. Шаруашылықта 28 астық комбайны есепте тұр. Астық  орағына 28 комбайн, 26 автокөлік, 14 трактор тіркемесімен қатысуда. Астық сақтайтын 10 қойма сапалы жөндеуден және астық зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеуден  өткізілді.Сондай-ақ, табиғи өрттердің алдын алу және зардаптарын жою туралы мал азығын дайындау, астық ору науқандарына қатысатын ауыл шаруашылық құрылымдары басшыларына өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын қатаң сақтауды бақылауда ұстау тапсырылды. Алқаптарда өрт қауіпсіздігі сақталып, егін алқабының айналасы жыртылған. Комбайндар  мен тракторларға ұшқын өшіргіш құрылғылары орнатылып, өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған.Бүгінгі таңда 1865 га масақты дақылдар, оның ішінде күздік бидай 715 га, жаздық арпа 1150 га орылып, тиісінше 14.8 және 15.4 центнерден өнім алынды, 2798 тонна астық қамбаға құйылды. (Жалпы өнім 15,1 центнерден айналды).Мал азығын дайындау жоспарға сәйкес орындалуда. Ағымдағы жылы 99000 тонна мал азығын дайындау жоспарланып, қазіргі таңға дейін 84425 тонна мал азығы дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары әлі жалғасуда.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313