Ресейлік те, украиналық та тараптың мәселені шешетін кезеңі жетті

0
7

Ресейлік те, украиналық та тараптың мәселені шешіп, пайда болған қарама-қайшылық түйінін тарқататын кезең жетті. Ресейдің «Россия 24» телеарнасына сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл жайында Қазақпарат хабарлайды. 

скачанные файлы (1)Қазақстан Президенті батыс елдері мен Ресей арасындағы өзара санкциялар саясат пен экономиканың араласып кетуінің нәтижесі екеніне назар аударды. Бұл жағдайдан Ресей ғана емес, өзге елдер де зардап шегіп отырғанын айтты.

Н.Назарбаев Украина төңірегіндегі ахуалды шешу үшін қажетті барлық күш-жігерін жұмсап отырғанын атап өтті.

«Менен араағайындық етуді өтінгенде уақытты да, күшімді де аямаймын, кездесулер өткізіп, тараптарды келіссөздерге шақырамын. Бұл жағдайда ел басшылары кездесе отырып, ымыраласу арқылы ортақ тіл таба алады. Шешілмейтін мәселе көріп тұрғаным жоқ. Мен қазір ресейлік те, украиналық та тараптың мәселені шешіп, пайда болған қарама-қайшылық түйінін тарқататын кезең жеткенін байқап отырмын. Мұның тезірек болғаны керек, еуропалық көшбасшылар да осыны қалайды. Қазіргі уақыт осындай қадам үшін қолайлы», – деді ҚР Президенті.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313