Парижді кім қанға бөктірді?

0
6
Париждегі теракті. Кім ұйымдастырды? Түрлі нұсқалар айтылып жатыр. Бәзбіреулер мұны Ресей жасады дейді. Неге деген сұраққа мынадай жауабы бар. Путин Сирияға әскер кіргізді емес пе? Әрі бұл әрекетін террористердің көзін жою үшін деп ақтаған болды.
«Бізді сынағанша, бірлесіп күресейік», -деп үндеу жасады. «Бүгін Сирияны жәукемдеп жатқан содырлар ертең сендерге де, маған да келуі мүмкін», – деген…

Бұл жай айтыла салған сөз емес екенін ұқтыру үшін орыстар ДАИШ-тың кейпіне еніп, Парижде әдейілеп жарылыстар жасады. Операцияны Қадыровтың жанкештілері ұйымдастыруы мүмкін дегенге дейін апарып жатыр. «Міне, бұл жоспары ақталды. Франция терактіден соң, кеше ғана, анық болмаса да жасырын қолдап келген ДАИШ-тіктерді бомбылай бастады. Осы арқылы Башар Асадтың негізгі дұшпандарын жусатып салды. Бұл лаңкестіктің артында Мәскеу тұр», -деп байбалам жасағандардың айтары осы.

Әрине, Париждегі теракті – Путиннің «Терроризммен бірге күресейік» деген сөзінің қаншалықты актуалды екенін дәлелдеді. Оның Сирияға әскер кіргізгенін де ақтады. Бірақ, осы жарылыстардың артында орыстар тұр дегеншыңдыққа жанаспайды.

«Франция билігі өзі ұйымдастырды», -деп ойлайтындар да жетерлік. Әрине бұл нұсқа конспирологияға көбірек ұқсайды. Бірақ, қалай десек те, бұл версияның да өмір сүруге хақысы бар. Олай болса, тарқатып көрейік. Әуелі бұл пайымды жақтайтындар ФрансуаОлланд осы уақытқа дейін футболдың небір жарыстарына қатыспай, қатардағы жолдастық кездесуге келе қалғаны қалай деген сұрақ қояды. Сосын террористердің бірінің паспорты табылды дегенге шүйлігеді. Біріншіден, есі дұрыс адам ондай жерге төлқұжатпен бармас. Екіншіден, жарылған адам күл-паршасы шыққанда, қағаз қалайша өртенбейқалды? Сауалдар шыға береді осылай.

Ал сендік делік. Бірақ, өз халқына мұншама қастандық қылардай Франциябилігі нені көксеп отыр? Осыншама адамды құрбан етердей не мақсат ол? Конспирологтар бүй дейді: «Босқындартуралы» заңды басқа емес, осы Еуропа мемлекеттері түзген болатын. Бұл құжат құрастырылып жатқанда, соғыс біткен Азия мен Африкадағыелдерде жүріп жатқан еді. Көрші ел соғыстан босқан елді қабылдауға міндетті. Босқындар үймен, жұмыспен қамтамасыз етілуі тиіс деген талаптары болды әлгі заңның.

Сирияда соғыс бұрқ еткенде, бүкіл Еуропа Түркияға әлгі халықаралық заңға мойын ұсын, шарттарын орында деп жекіді. Түрік билігі амалсыз 2 миллион босқынды қабылдап алды. Осымен бәрі біткендей еді. Босқын біткенТүркияда қалып қоятындай көрінген. Жоқ, бәрі еуропалықтар ойлағандай болмады. Кезінде жайлы өмір сүргендершәйлада (палатка) тұрғысы келмеді. Бар дүниесін сатып, ол ақшаны қайығы барларға беріп, Еуропаға тартып тұрды. Дәл қазір екі жарым миллион сириялық Еуропада жүр. Көп бөлігі Германияға ағылып жатса, Францияға да үлкен нөпірі келді.

Қарт құрлық шулап жатыр. «Олар қара нәсілді». «Олар мұсылман». «Олар экономикамызды күйретеді»… Қанша қарсы болса да, бірақ «босқын» туралы заңды өздері жазды емес пе? Енді сол өзі жазған шарттарды орындауғаміндетті. Бұлғақтауға шама жоқ. Қара бет болады. Енді қайтпек? Қайтсе босқындардың нөпірін тоқтатуға болады?

Франсуа Олландың жандайшаптары «Жарылыс жасау керек. Әрі оны босқындармен ере келген террористерге жаба саламыз», – деген ой айтты. Баааах. Парижде жарылыстар болды. Дәл қазір Олланд бүкіл шекараны жауып, соғыстан қашқандарды өз территориясына кіруге тиым салды. Мақсаты орындалды»

Бірақ, бұл нұсқа қаншалықты шындыққа ұқсағанымен, бұл да өтірік. Ешбір билік мұндайға бармас еді деген ойдамын.

Қайсыбір сарапшылар терактіні босқындар ұйымдастыру мүмкін деген ойды айтып жүр. Неміс журналистері елге пана іздеп келгендердің Фейсбук, твиттер секілді әлеуметтік желілерін ақтарған ғой. Небір компроматтартауыпты. Босқындардың терактіні ұйымдастыруы мүмкін деген байлам жасауына міне мынау суреттер себеп болып отыр.

Бәлкім, бұлар ДАИШ-тың жақтастары емес, Үкімет әскерінде болған шығар? Армия жеңіле бастағанда, Еуропағажөңкіле қашқан болар… Бәлкім. Бір анық нәрсе, босқындар бұл жарылысты ұйымдастыруға еш мүмкіншілігі болған жоқ. Мейлі, олар бұрынғы майдангерлер болсын. Бірақ, Париждегі қан-қасапты жасағандар үстіне сауыт-сайман кигені, жақсы қаруланғаны туралы айтылды емес пе? Еуропаның бірнеше елін жаяу басып өткен босқындар қалай ғана осыншама қару-жарақты алып жүрді екен? Ондаған елдің шекарашылары қалай ғана көрмей қалды екен? Сонда қаруды өз отандарынан әкелмеген бе? Бәлкім Францияға келгенде сатып алған шығар? Жо-жоқ, Францияны Америкамен салыстырмаңыз. Бұл жақта суыққаруды былайғы жұрт сатып ала алмайды. Заң қатал.

Олай болса, бұл жарылыстарды радикалды ілімге бас ұрған француз азаматтары ұйымдастырды ма? Мүмкін. Мәселе мынада ғой. Сирияда соғыс бұрқ еткенде, көптеген французазаматтары сол жаққа қарай топ-топ болып кетіп жатты. Француз билігі бұл мәселені көрмеген болды. Себебі төбеде отырғандардың арасында екі пікірболды. Әуелгісі: Сириядағы соғыс билік пен қарулы оппозицияның арасындағы тайталас деп түсіндірілді. Оппозиция қаруды күшімен, абыройдан жұрдай болған басшыны төңкеріп тастауға ұмтылыпжатыр делінді. Тиісінше, еуропалық көптеген жас азаматтардың әлгі қарулы оппозицияға барып қосылуын жастардың саясиұстанымы деп ұқты.

Екіншіден, көтерілісші топ деп жүргендері қып-қызыл радикалист екені анық көріне бастағанда да, жастардың соларға барып қосылуына ешкім тиым салған жоқ. Қайта керісінше, радикалды ағымның өкілдері елден кеткені жақсы. Сол жаққа барып соғыссын. Мерт болсын, бәрібір,-деген ой болды. Бірақ…

Бірақ, бұл пайым түбірімен қате екен. «Жиһад»-сымаққа кеткен жігіттер қайта елге оралып, енді елдің ішінде ылаң салуда. Мұны бірақ, Франция кеш ұқты.

 
Нұрбек Бекбау

Дерек көзі: jaqsy.kz

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313