Отбасылық бюджетті қалай құру керек?

0
11

5d30cf10b6e6d7f036051a43b35747e4Отбасылық бюджетті қадағалаудың және оның қаншалықты отбасы мен балалардың болашағына маңызды екені белгілі. Ал осы маңыздылықты дұрыс қадағалай алып жүрміз ме? Бұл туралы 7kun.kz тілшісі кеңінен әңгімелейді.

Отбасылық бюджетті жоспарлау дегеніміз отбасы кірістері мен шығыстарын есептей отырып жасалған қаржылық жоспар. Ал осы қаржы жоспарының дұрыс құрылғаны мен дұрыс орындалуы отбасы мүшелеріне де байланысты екенін ескерген жөн.

Бірден айта кетейік, отбасылық бюджетті құру сіздің отбасыңызда қолданылатын отбасылық бюджет түріне байланысты. Сондықтан отбасылық бюджет жоспарын құрмай тұрып осыны анықтап алған дұрыс. Сіздің отбасыңыз қай типке жатады?

Негізінен барлық отбасылық бюджеттер 3 категорияға бөлінеді:

  • Бірлескен отбасылық бюджет;
  • Бөлек отбасылық бюджет;
  • Араласқан (іскерлік) отбасылық бюджет.

Бірлескен отбасылық бюджет – ерлі-зайыптылардың кірістерін бірге жинақтауы. Сол қаражатты барлық отбасы шығындары мен жеке шығындарына жұмсау. Көп отбасылар осы тәсілді қолданады.

Бөлек отбасылық бюджет – әр отбасы мүшесі өз табыстарына жеке иелік етеді. Бұл категориядағы отбасылар негізінен батыс мемлекеттерінде жиі кездеседі. Олар бір-бірне қаржы жағынан тәуелді болғылары келмейды. Отбасы шығындарын да жеке төлейді, тек қаражат мол кететін шығындарға келгенде ғана бірлесіп шешім қабылдайды.

Араласқан (іскерлік) отбасылық бюджет – бірлескен және бөлек отбаслық бюджет типтерінде сипаттарға ие болған бюджет. Бұл жерде отбасы мүшелерінің бірлесіп ақшаларын жинайды, алайда барлық табысын емес, алдын-ала келісіліп жоспарланған соманы бірлесіп жинап отырады. Ал қалған табысының бөлігін өздері қалағандарына жұмсайды.

Сондай-ақ, отбасылық бюджетті құру барысында міндетті түрде келесі айда жұмсалатын шығындарыңыз бен кірістеріңізді есептеу керек. Яғни алдын-ала отбасылық қаражатты есептеу керек. Осыларды ойластырғаннан кейін барып сіздің келесі айға жоспарлаған бюджетіңіз шығатын болады.

Отбасылық бюджет кестесін әр түрлі тәсілдермен қағазға, MS Exel-ге, арнайы бағдарламаларғажасауға болады.

Мысал ретінде бір отбасының айлық отбасылық бюджет кестесін ұсынамыз.

12498987_189172528137272_1458592486_n

Кесетеден көріп тұрғандарыңыздай, ең алдымен ерлі-зайыптылар нақты табыстарын есептеп көрсетеді. Ай-сайынғы жалпы кіріс көлемін есептеп алғаннан кейін алдымен міндетті шығындарыңызды жазу керек. Оларға кредитті өтеу, жинақ жинау сынды міндетті қаражат жұмсалатын категориялар жатады.

Осыдан кейін ғана, мына категорияларға жұмсалатын отбасы шығындарын жазасыздар:

  1. Барлық отбасылық шығын
  2. Балаларды қамтамасыз ету үшін шығындар
  3. Күйеуінің жеке шығындары
  4. Әйелінің жеке шығындары

Сондай-ақ, табысыңыздың бір бөлігін тосыннан болатын шығындарға да сақтап қойғаныңыз жөн.

Ал отбасыңыз араласқан отбасылық бюджет типіне жататын болса, онда отбасылық бюджет кестесін қалай құру керек?

Ол үшін ерлі-зайыптылар ең бірінші жеке шығыстарын алдын-ала келісілген көлемде (мысалы, отбасының барлық табысының, не жеке табысының пайызынан) есептеп алып, қалған бөлігін отбасының қажеттіліктеріне береді. Тағы бір айта кетерлік жайт, бұл типтегі отбасы мүшелері жинақтарын бөлек жинауы мүмкін.

Бөлек отбасылық бюджет кестесін қалай құру қажет?

Бөлек отбасылық бюджет кестесін құрарда, ерлі-зайыптылар  өз табыстарына байланысты жеке-жеке бюджет кестесін құрады. Ал  шығындарға ортақ отбасылық төлемдер, балаларға кетін шығын, жеке шығындары жатады.

Жұлдыз Ерік

Дерек көзі: 7kun.kz

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313