Октябрь ауданына Əлихан Бөкейханның есімі берілетін болды

0
35

Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың барлығы ескі атаудан арылып, ауданға Алаш көсемінің есімін беруді қолдады

Бұл туралы “Saryarqa aqparat” медиахолдингінің директоры Қамбар Ахмет фейсбук парақшасында жариялады.

“Құтты болсын, ағайын!

Жаңа ғана Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру жөніндегі қоғамдық тыңдау аяқталды.

Қоғамдық тыңдау қаланың 15 нысанында өтті.

Барлығы 685 адам қатысты.

Талқылау барысында қатысушылардың барлығы ескі атаудан арылып, Алаш көсемінің есімін беру ұсынысын қолдады.

Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы туған жерінде осындай іспен басталды!

Баршаңызды осы бір тарихи сәтпен құтықтаймын!”- деген Қамбар Ахмет фейсбук желісіндегі жазбасында.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313