ОБЛЫС ӘКІМІ АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ ЖУАЛЫЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

0
14


Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жуалылық тұрғындармен кездесті. Аудандағы №1 мектеп гимназиясында өткен кездесуге 100-ден аса адам қатысты. Онда көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселесі сөз болып, талқыланды.
Жалпы, қазіргі таңда ауданда 1819 көпбалалы отбасы бар. Оның ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 92. Бұған дейін аудан бойынша 1796 отбасы немесе 9272 адам атаулы әлеуметтік көмек алып келсе, енді олардың қатары айтарлықтай өсіп отыр. Атап айтсақ, ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек заңына өзгерістер енуіне сәйкес және күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан 70 пайызға көтерілуіне байланысты аталмыш көмекпен 2500 отбасы немесе 12828 адамды қамту жоспарлануда.
Тұрғындардың тілек-өтініштерін тыңдаған өңір басшысы қажетті көмектердің барлығы мүмкіндігінше жасалатынын жеткізді.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313