Облыста инвесторларға қолайлы жағдай жасалып жатыр

0
15


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысы әкімдігінің Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығымен, сонымен қатар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілдігімен бірлесе отандық, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба инвесторларды мемлекеттік органдар мен ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте қолдауды мақсат етеді. Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуді жүзеге асыру бизнесмендер мен инвесторлардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қоюы аясында жүргізіледі. Мұндағы жалғыз шарт олардың бизнесті адал жүргізуге келісуі және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлде төзбеушілігі болмақ. Қазіргі таңда Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті жалпы сомасы 360 млн. АҚШ долларын құрайтын шетелдік инестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойды. Сүйемелдеу жобаның жүзеге асырылуының бастапқы кезеңінен оның толық аяқталуына дейін жүргізілетін болады, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313