"Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев!" атты аудандық байқау өтті

0
72

Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” бағдарламалық мақаласының “Ұлы даланың ұлы есімдері” арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай үлкен залда: “Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев!” атты аудандық байқау өтті.

Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы-Мәлік Мұқашев байқауды ашып, іс-шараның мәні мен мақсатына тоқталып, қатысушыларға тілегін арнады. “Поэзия! Менімен егіз бе едің?! ” атты бірінші кезеңде үміткерлер ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқыса,
“Есіңе мені алғайсың.” атты екінші кезең ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындауға арналды. Байқауға 27 үміткер қатысып, нәтижесінде, бірінші кезең бойынша-мойынқұмдық Балнұр Бекқұлы, көкжелектік Нұргүл Абылай, назарбековтық
Эльвира Махан 3-орынды иеленсе, хантаулық Әлфия Сарыбаева, мыңаралдық Қарашаш Мәкеш 2-орынды алды. Күшамандық Мәдина Кемелбек пен хантаулық Сержан Туғанбайға 1-орын берілді. “Бас жүлдеге” биназарлық Бақытжан Қияш ие болды.
Екінші кезеңде, ақынның “Есіңе мені алғайсың” атты өлеңіне жазылған Елена Әбдіхалықованың әнін орындаған назарбековтық Дана Ақылхан 3-орынға іліксе, бірліктік Аружан Жолдасбек- Мұқағали ақынның “Туған өлке”өлеңіне жазылған Тұрсынжан Шапайдың әнімен 2- орынға шықты. А.Кенжебекова әуен шығарған, “Өмір сүрейік алмасып!” (немесе Жас қайың) әнімен, биназарлық Іңкәр Жеңіс 1-орынды жеңіп алды.


Сондай-ақ, Аудандық орталық кітапханасы мәдениет үйінің фоэсінде “Мұқағали-мәңгілік өмір” атты мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
Байқаудың мақсаты: М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313