"Жомарт жүрек" сыйлығының иегерлері марапатталды

0
15


Жомарт жүректер –  жанға жылылық сыйлайды. Кеше Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел арасында қайырымдылық іс жасап, сан салада қамқорлық танытып жүрген жандар құрметке бөленді. «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары Тараз қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды http://taraztv.kz/kz  Жомарттықты жолдас, мәрттікті жанына серік ете білген азаматтар қоғамда  аз емес қазір. «Батыл жүрек», «Жылдың үздік ұйымы», «Жүректен жүрекке», «Туған өлке», «Жыл меценаты», «Ерен еріктілік». Бұл – қоғамдағы қандай да болмасын ізгілікті істен  қалыс қалмай, қолында бар мүмкіндікпен бөлісіп жүрген жандарға берілген биліктің бағасы. Жалпы, Тараз қаласы бойынша осы азаматтардың тарапынан 2 млрд 472 млн.750 мың теңгеге 25 жоба іске асырылған. Бүгінгі іс-шараның маңыздылығы сол, табысты азаматтарды, меценаттар мен үкіметтік емес ұйымдар мен жалынды жастарға көтермелей отырып, өзгелерді де игілікті істерге тарту. Айта кетейік, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында салт дәстүрімізді дәріптейтін, сонымен бірге туған елге деген патриоттық сезімді қалыптастыру бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылған болатын. Оның ішінде «Туған жерге туыңды тік!» ауқымды акциясы бойынша өзінің кіші отанын дамытуға көптеген азаматтар белсенділік танытып, үлестерін қосты.  Аймақтың белді бизнесмендері мен бірқатар қоғам қайраткерлері қаланы көркейту мен инфрақұрылымын жақсарту жобаларын ұсынса, жастар жағы да ұйымдастырушылық қабілетін іске асырып, ізгі амалдардың ұйытқысы бола білген.Қолында барын қайырымдылыққа жұмсап, көмегін аямаған жаны жайсаң жандарға атқарушы биліктің айтар алғысы шексіз. Олар қандай қошеметке  де лайық. Игі ісімен көпке үлгі меценаттарды құттықтау рәсімі концерттік бағдарламамен түйінделді.  Сурет http://08info.kz сайтынан алынды.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313