Жасұлан Әбдіхалық жаңа қызметке тағайындалды

0
7

Әбдіманап Жасұлан Лесбекұлы Жамбыл облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Ж.Әбдіманап 1980 жылы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Ә.Жылқышиев ауылында өмірге келген. Ол жоғары оқу орнын «Қазақ тілі әдебиеті» және «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Жасұлан Лесбекұлы өз еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан» Телерадиокорпорациясы АҚ Жамбыл облыстық филиалы «Қазақстан-Тараз» телеарнасында қарапайым тілші болып бастаған. Одан кейін әр жылдары диктор, аға редактор, бас редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. «Қазақстан» Телерадиокорпорациясы АҚ ақпараттық сараптамалық бағдарламалар дирекциясының Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, «Хабар» агенттігі АҚ ақпараттық сараптамалық жаңалықтар дирекциясының Алматы филиалы бойынша меншікті тілшісі, «Хабар» агенттігі, «24 кз» телеарналарының ақпараттық-сараптамалық жаңалықтар дирекциясының Ақмола облысы бойынша тілшілер қосынының жетекшісі, «Хабар агенттігі АҚ ақпараттық сараптамалық жаңалықтар дирекциясының продюсері қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының баспасөз хатшысы — баспасөз қызметінің жетекшісі және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы — баспасөз хатшысы қызметтерінде жемісті еңбек еткен.
Кейінгі жылдары Жасұлан Әбдіманап «Қазақтан Телерадиокорпорациясы АҚ Жамбыл облыстық филиалы «JAMBYL» телерадиоарнасының директоры болды.
Айта кетейік, облыс әкімінің жаңа кеңесшісі өңірдің идеология және ақпарат саласына жауап беретін болады.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313