Сезімтал роботтың мыңы бір сағатқа жетпей сатылды

0
12

robotЖапонияның «Softbank» телекоммуникациялық компаниясы эмоцияларды айырып тани алатын «Pepper» роботтарының 1 мың данасын бір сағат ішінде сатып жіберді. Тауардың бір данасы 213 мың 840 иен (шамамен 1.8 мың доллар) болды, деп хабарлайды Қазақпарат.  

Робот сөйлеп, әңгімелесе алады. Адамның қас-қабағына қарап, оның көңіл күйін сезе алады. Бұдан басқа, «Pepper» ең қарапайым тапсырмаларды орындап, үй шаруасында көмектеседі, жалғызбасты адамдарға көмекші бола алады.

Инновациялық «ойыншықты» «Softbank» пен «Aldebaran Robotics SAS» бірге жасап шығарды, деп хабарлайды Росбалт.

Естеріңізге сала кетейік, мамандар қазірдің өзінде роботтардан жылына 8 млрд. доллар табатынын айтып отыр.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313