Елiмiзде жалған дәрі-дәрмекті анықтайтын жүйе енгiзiлмек.

0
36

Бүгінгi таңда әлемде жалған дәрі-дәрмек сататындар көбейген. Қазақстанда да бұл проблема өзектi болып отыр. Сол себептен Денсаулық сақтау министрлігі жалған препараттарға қарсы арнайы жүйе енгізбек. Бұл жайында елордада өтiп жатқан дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану мәселелеріне арналған xалықаралық конференцияда айтылды, деп xабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Бізге келетін дәрі-дәрмектің қаптамасында акциздік маркалар жүйесі тәрізді арнайы код болуы шарт. Ол әдетте алкоголь мен темекі өнімдерінде қолданылады. Осылайша, дәрінің әр қаптамасы есепке алынады. Яғни, құзіретті мемлекеттік орган да, фармация комитеті де қолдан жасалған дәрі-дәрмектерді анықтай алады. Бұның барлығы бақылауға алынады», – деді фармация комитетінің өкілі Арнұр Нұртаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, дәрі-дәрмек шығарушы компанияларды тексеру шаралары күшейтілмек. Бұрын ондай кәсіпорындар бір рет қана инспекциядан өтсе, алдағы уақытта үш жылда бір рет тексерілетін болады. Осының арқасында медициналық препараттардың сапасын жақсарту жоспарланып отыр.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313