Биылғы жылдың жеті айының қорытындысымен жергілікті бюджеттің өзіндік кірістері 1,1 млрд теңгеге ұлғайды

0
12

Картинки по запросу бюджет
Биылғы жылдың жеті айының қорытындысымен жергілікті бюджеттің өзіндік кірістері 1,1 млрд теңгеге ұлғайып отыр. Мұндай нәтижеге  мемлекеттік сатып алу ісінен  үнемдеу барысында қол жетіп отыр.  Енді бұл қаражат бірқатар әлеуметтік нысандар мен өңірдегі кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге бағытталмақ. Жамбыл облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында аймақтың бас экономисті жұмсалатын қаржыны депутаттарға егжей-тегжейлі баяндап берді. Сондай-ақ жиында Тараз қаласындағы көшелерді қайта атау мен Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендері аумағын абаттандыру қағидаларына енгізілген өзгерістер таныстырылды.  Мәслихат сессиясынан бұрын тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Онда сессияда қаралатын мәселелер алдын ала талқыланып, жіті қаралды. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы ағымдағы жылы бір млрд-тан астам қаражат үнемделгенін жеткізді. Айтуынша, бұл ақшаның 14 млн-ы қаржы басқармасына беріледі.Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 10 млн, білім басқармасына – 324 млн, спорт және дене шынықтыру басқармасына-46 млн, денсаулық сақтауға – 77 млн, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 275 млн, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 96 млн теңге бөлінбек. Бұдан өзге, ауылшаруашылығы, құрылыс, мәдениет саласына да қаржы қарастырылады. Аудандар да бұл қаражаттан құр қалмайды. Атап айтқанда, Қордай, Сарысу, Шу, Жуалы аудандарындағы бірқатар әлеуметтік нысандарға жұмсалады.  Комиссиялар отырысында  облыс орталығындағы бірқатар көшелерге ат беру,  қайта атау мәселесі қайта көтерілді. Естеріңізде болса, бұған дейінгі мәслихат отырысында ұсынылған көше атаулары депутаттардың сынына ілігіп, кері қайтарылған еді. Бұдан былай, көпқабатты үйлердің балконында кір жая алмайсыз.  Сонымен бірге, үй қабырғаларына бейберекет жарнама жапсыруға да тиым салынбақ. Бұл – «Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру қағидаларына» енгізілген өзгерістер.  Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында біртіндеп қаралған мәселелер облыс әкімінің қатысуымен өткен мәслихат сессиясының кезектен тыс 26-шы сессиясында назарға ұсынылып, мәслихаттың мақұлдауымен тиісті шешімдер шығарылды.
 

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313