АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

0
41

Картинки по запросу жәрмеңке
 
Тараз қаласының “Достық” алаңында сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда облысымыздың 5 ауданы мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін халыққа арзан бағада ұсынды. Аталған шара облыстың тауар өндірушілеріне делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды http://spiker.kz , http://taraztv.kz/kz арнасына сілтеме жасап.
Таң атысымен орталық алаңға асыққан Тараздықтардың жәрмеңкеде сатылып жатқан тауардың бағасы ғана емес, сапасы да көңілдерінен шыққан. Мәселен, ет-сүт, макарон өнімдерінен бөлек, бал, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері де нарықтағы құнынан 25 пайызға дейін арзан бағамен сатылды. Жалпы құны 32 миллион теңгені құрайтын 167 тонна ауылшаруашылығы тауарлары сатылымға шығарылған. Мәселен, 11,2 тонна ет әр келісі 1200 теңгеден сатылса, дүкен сөрелерінде келісі 240 теңге тұратын күріш 180 теңгеден саудаланған.

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313