Алматыда 9 елдің ғалымдары Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын талқылады

0
22

Алматыда Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми симпозиум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлы қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым, Ұлттық ғылым академиясының алғашқы академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезов Семей, Ташкент, Ленинградта оқып жұмыс жасады. 1930 жылы Алматыға көшіп келді. Сол кезеңдегі қаланың тағдыры мен өмірі «Алматы күні» атты шығармасында сипатталды.
Бүгінде жазушыларға арналған Төлебаев көшесіндегі 185-үй Алматыдағы қазақ мәдениетінің ерекше бойтұмарындай орталықтардың біріне айналды. Дәл осы жерде ол өзінің атақты «Абай жолы» романын аяқтап бітірді. Жақында әкімдіктің қолдауымен ескерткіш үй-музей жөндеу жұмыстарынан өтті.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы өзіміздің рухани мәдениетімізді, тіліміз бен әдебиетімізді сақтау керекпіз деп атап айтқан еді.
Мұхтар Әуезовтің қаламы – қазақ классикалық әдебиетінің ең үздік мысалына және болашақ буынның таусылмас шабытына айналды», – деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Симпозиум барысына Қазақстанның беделді ғалым-филологтары қазақ әдебиетінің ұлы классигінің шығармашылық және ғылыми мұралары жөнінде және оның заманауи ғылым мен әдебиетте алар орны туралы сөз қозғады. Іс-шараға АҚШ, Голландия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания, Түркия және тағы да басқа елдерден әдебиеттанушы ғалымдар қатысты.
 

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313