Алматыда қытай киносы күндері қалай өтіп жатыр

0
8
Астанада қытай киносының күндері бір апта бұрын өтті. Джеки Чан елордаға да келіп кетті, алайда қытай киносының күндері Қазақстанда жалғасуда, – деп хабарлайды Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі.

Қытай кинематографистерін «Қазақфильмнің» Эксперттік кеңес тең төрағасы Бекболат Шекеров және қазақ киносының мэтрлері Асанәлі Әшімов, Сатыбалды Нарымбетов және де қазақстандық кинематографистері қарсы алды.

 Қытайдан келген қонақтарға киностудия аумағында экскурсия жасалды, оларға «Қазақ хандығы» сериалының декорациясы, түсірілім алаңдары, костюм қоймасы, таспа-зертханалық кешені көрсетілді. Сондай-ақ қонақтарға қазір өндірісте жүріп жатқан «Мұзбалақ» толық метражды анимациялық фильмінің трейлері көрсетілді. Экскурсия соңынан дөңгелек үстелде бірлесіп жұмыс жасау туралы мәселелері талқыланды.

««Қазақфильм» киностудиясына қонақтап келгендеріңізге қуаныштымыз. Өзіңіз білетіндей, 9 маусым күні Қытай баспасөз, кино, радио және телекөрсетілім мәселелері бойынша мемлекеттік әкімшілік пен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігі арасында кино өндіріс саласы бойынша Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжат бойынша біздің мемлекеттердің киноматографистері бірлескен жобалар жасауға мүмкіндік алады»,  – деді «Қазақфильмнің» Эксперттік кеңесінің тең төрағасы Бекболат Шекеров.

«Қазақфильм» киностудиясында «Композитор» атты Қазақстан-Қытай бірлескен жобасын іске қосылды.

 «Бізге тарихы мол киностудияны көруге мүмкіндікті бергендеріңіге алғыс білдіреміз. Және біз бірлескен жобалар туралы сіздердің ұсыныстарыңызды қарастыруға дайын екенімізді атап өткім келеді», –  деді  ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқарма басшысы Уан Шычен.

Дөңгелек үстел барысында әріптестер Қазақстан мен Қытай кинематографиясындағы мәселелер мен жетістіктер туралы пікір алмасты. Кинодраматург Нұрлан Санжар қытайлық әріптестеріне Жібек жолы туралы жоба жасауға ұсыныс тастады.  Осы мезетте ұлты қазақ қытайлық актер Данияр Толқын  «Қазақфильмнің» «Тұмар» кинокартинасының кастингіне қатысып үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 10 маусымында Алматы қаласында Қытай кино фестивалі аясында «Kinopark 11 IMAX 3D» кинотеатрында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы киносы күндерінің салтанатты ашылуы болды.

Шараның ұйымдастырушылары: ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқармасы, Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігі және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.

Осы іс-шараның негізгі мақсаты кинематография саласындағы екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ қытайдың қазіргі киносымен қазақ көрермендерін таныстыру.

Шыңжаң кино күндері ашылуында «Ақшаның әлегі» кинокомедиясы көрсетілді. Сондай ақ, іс-шара аясында 15 мен 28 маусым аралығында тағы да үш кинокартина көрсетіледі: «Арман асуы» (реж. Су Лей); «Гүлбике» және «Шынайы махаббат» (реж. Шерзат Яқұб).

Leave a reply


Notice: Функция WP_Scripts::localize вызвана неправильно. Параметр $l10n должен быть массивом. Для передачи произвольных данных в скрипты используйте функцию wp_add_inline_script(). Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 5.7.0.) in /var/www/vhosts/shyraiber.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 5313